Көктем күліп кіреді талай баққа
Бұл бетте «Көктем күліп кіреді талай баққа» атты Зейнолла Шүкіров жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көктем күліп кіреді талай баққа,
Көктем кесте төгеді кең аймаққа.
Көктем ыстық қан құйып жүректерге,
Жетелейді жүр-жүрлеп тоғай жаққа:
Оян, қайным, түс болды, олай жатпа!
Тоғай-жеңге таппайды тыным бүгін,
Құрып жатыр көк жібек шымылдығын
Тасасында ақ терек таранады,
Жұрт көзінен жасырып сұлулығын...
Соны көріп бала гүл жымың-жымың...
Қарайсың да елжіреп баяу жаның,
Сен де аңсайсың біреудің аяулы әнін...
Дым көрмеген адамдай тоғай жым-жырт,
Тығып қойып Қозысын, Баяндарын...
Кіре беріп неге сен аялдадың?...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі