Үңгір – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Үңгір» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3148
Көп пе, аз ба бәрі бір,
Бұл үңгірде жатты адам.
Табанының табы тұр,
Алғаш кіріп аттаған.
Кіргізді оны кім бастап,
Осы үңгірдің астына.
Күркіреген күн жасқап,
Әлде аңдардан қашты ма?
Адам ата кім білген,
Жүрді қандай күйге еніп.
Шыққан болар үңгірден,
Үй салуды үйреніп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері