Тоқушылар
Бұл бетте «Тоқушылар» атты Генрих Гейне жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұнжыраған көздерінде жасы жоқ,
Тісін қайрап, ермекте отыр осы топ.
Арқауына үш лағанат қосып біз,
Германия, кебініңді тоқимыз!
Тоқимыз, тоқимыз!
Аязда да, аштықта да жалбардық.
Ол алдады, бос үмітпен сандалдық.
Ол қорлады, күттік, бізді қылды ақымақ,
Біз табынған құдайға бір лағанат!
Тоқимыз, тоқимыз!
Жарлымызға рақымы жоқ зарлаған,
Жалғыз тиын ақшамызды жалмаған.
Жарлығымен итше бізді деген «ат»
Бай королі, корольге бір лағанат!
Тоқимыз, тоқимыз!
Масқаралық, сұмдық мүлде жайылған,
Әр гүл онда көтерілмей жайраған.
Шірік қаптап, өңезденген нас, ылас,
Жалғаншы, арам отанға бір лағанат!
Тоқимыз, тоқимыз!
Қылыш зыр-зыр, өрмек дір-дір етеді,
Біз тоқимыз күндер-күндер өтеді.
Арқауына үш лағанат қосып біз,
Германия, кебініңді тоқимыз
Тоқимыз, тоқимыз!
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі