Салауат
Бұл бетте «Салауат» атты Генрих Гейне жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен қылыш, мен жалын!
Алғашқы түнгі соғыста,
Алдымен отты мен жаққам,
Алдымен мен ем айқасқан,
Алдымен оқты мен атқам.
Айналам өлік жусаған
Жолдастарым сүйегі.
Бірақ біз жеңдік жау,
Жеңуін жеңдік-ау;
Жусаған өлік айналам,
Жолдастырым сүйегі.
Шырқалған жеңу жырында,
Күңіренгендей көр шуы.
Әлі ерте күнде жан тынар,
Қуануға жөні жоқ,
Мұңаюға орын жоқ,
Тағы да дабыл даңғырлар.
Тағы да майдан қансырар…
Мен қылыш, мен жалын.
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі