Күнбағыс

Бұл бетте «Күнбағыс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6521
(Шоқанның қабірінде)
Қарайсың өткен күнге алыс,
Қабірді қайта айналып.
Жалғыз тұр сонда күнбағыс,
Күн күзетіп, ай бағып.
Алтын күн таудың алқабын,
Жүзгенде нұрға толтырып.
Бұлғайды сары қалпағын,
Биіктен сонау ол тұрып.
Талпынған солай күнге алыс,
Сағымын кешіп жапанның.
Әлде, сол жалғыз күнбағыс,
Арманы ма екен Шоқанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнбағыс өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күнбағыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнбағыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнбағыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері