Тасталған татар қызына
Бұл бетте «Тасталған татар қызына» атты Тоқай Ғабдолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Зиләйлөк әніне)
Сүйеніпсің бұрышта бағанаға,
Жапырақтай сары жүздерің.
Аямасқа көңлім шыдамады,
Телміреді тіпті көздерің.
Атылған құс, адастырған иттей
Өткен жанға үмітсіз қарайсың.
Сыбырлайды екі еріндерің
Қайсы татар байын карғайсың?
Көрдім әлі сенің залымыңды,
Дайым сайрандап, дулатад,
Рахаттанад кәпір! Сені солай
Бағанаға сүйеп қуратад.
Сезбейсің сен, сенің жаныңнан
Нәзік көңіл ақын еткенін,
Сенің мұңдай сорланған халың
Оның кеңілін бей-жай еткенін!
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі