Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы Тоқай (1886 – 1913) – татар ақыны, публицист. Ол 1886 жылы 26 сәуірде Татарстанда дүниеге келген. Татардың жаңа бағыттағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы. 1895 жылы Орал қаласына келіп, Мутыгия медресесінде оқыды. Алғашқы шығармаларын 1902 жылдан жаза бастады. «Фикир» («Пікір») газетінде, «Әл-ғасрул-жадид» («Жаңа ғасыр»), «Уклар» («Оқтар») журналдарында өлеңдері, мақалалары басылды.
Ғабдолла Тоқай азаттық жыршысы болды. 1908 жылы Г.Камалмен бірігіп, Қазандағы тұңғыш сатиралық «Яшен» («Жасын») журналын шығарды. 1910 жылдан «Ялт-йолт» («Жалт-жұлт») журналында қызмет етті. Оның сатирасы патша өкіметіне деген өшпенділікке толы.
Гуманист-ақын Ғабдолла Тоқай әйелдерді қорғап және оларға азаттық, теңдік тілеп, бірнеше өлең жазды. Біраз лирикалық өлеңдері газел түрінде жазылған. Ғабдолла Тоқай балаларға арнап өлеңдер, прозалық шығармалар да жазды.
Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай тұрғын үйінің қабырғасына ескерткіш-тақта, мүсін орнатылған.
Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне алғаш М.Дулатов пен Е.Бүйрин, совет өкіметі жылдарында Ж.Сыздықов, Т.Әбдірахманов т.б. аударды. Оның шығармашылығын М.Әуезов, С.Мұқанов, Т. Нұртазин, С.Талжанов, Ж.Сыздықов, Б.Ысқақов т.б. зерттеп, мақалалар жазды. Әуезов Тоқай шығармашылығын жоғары бағалай келіп, оның Абай поэзиясымен рухани жақындығын атап көрсетті.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі