Күзгі жел

Бұл бетте «Күзгі жел» атты Тоқай Ғабдолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күзгі бір түн. Келмейді ұйқым,
Үй төрінде жел жылайд,
Жел жыламайд, аш өлімнің
Қорқынышынан ел жылайд.

Ең сүйікті жұмысшы ұлым
Биыл аштан калды деп,
Мейірімді – мархаматты,
Аяулы ана – жер жылайд.

Қойдырғанда мыстан мұнда
Түскен тісін алтыннан,
Зар болып бір тілім нанға
Онда нәзік бел жылайд.

Бір сынық нан болмағаннан
Өлген сап-сау ер кәріп,
Жан алуға жаны ашудан
Онда Әзрейіл жылайд.

Күзгі бір түн. Тым караңғы,
Үй төрінде жел жылайд.
Жел хабар ол: аш өлімнің,
Қорқынышынан ел жылайд.

Аударма: Ілияс Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері