Хайуанаттар бағында
Бұл бетте «Хайуанаттар бағында» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келген жұртқа айбат шегіп алыстан,
Жуан мойнын күжірейтті арыстан.
Жүр осында үсті жолақ жолбарыс,
Аю да бар тырнақтары бір қарыс.
Қорқынышты әрі сұсты көрінген,
Жылан жатыр қамшы-сынды өрілген.
Маймыл біткен сайран салса желігіп,
Сусиырлар алыпты әбден семіріп.
Жыршы құстар құйқылжытып сайрайды,
Тотылардың жағы бір сәт талмайды.
Қасқыр жүрсе азу тісі ақсиып,
Бүркіт отыр тұғырында қақшиып.
Отыр қонып ителгі мен лашын да,
Құлан менен бұлан да жүр осында.
Таудай болып көрінетін алып піл
Бар назарын аударғаны-ай халықтың.
Қандай ғажап?!
Кенгуруға қарашы,
Қалтасына салып апты баласын.
Алуан түрін көріп тағы аңдардың,
Түр-түсіне, қылығына таң қалдым.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі