Қылыш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қылыш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2260
Даладай дастарқаны иен дүние,
Дәкеңнің әнге басып кең үйінде.
Отырдық ішімізден разы боп,
Жібектей жеңгеміздің пейіліне.
Жақсы сөз сәулесімен жан нұрланып,
Сезімді шертіп жатты ән ұрланып.
Ойнады бокалдар да күміс толқын,
Көпіршіп ұшқын атып, жалынданып.
Домбыра күмбірлеген тынысты алып,
Бір кезде қалды халық тынышталып.
Сөйледі үй иесі Дәкең сонда,
Қолына қынаптағы қылышты алып:
–Қырымда комдив өзі мұны ұстаған Шыққан бұл аруағы асып ұрыстардан. Чеканың ерте кезгі өкілі деп, Сыйлаймын ескерткішке қылыш саған.
Қырымның елестетіп құзын биік,
–Дұрыс,— деп әдетінше сөзін түйіп. Мұқанов генералдай тұрды сонда, Қылыштың жарқылдаған жүзін сүйіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылыш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қылыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері