Сурет салу — өнер
Бұл бетте «Сурет салу — өнер» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Суретшімін шебер,
Сурет салу – өнер.
Салып едім Күнді,
Күн жадырап күлді.
Салып едім тауды,
Тауда жаңбыр жауды.
Салып едім үйді,
Төбем көкке тиді.
Пойызды да салдым,
Жолға көп жүк алдым.
Ұшақты да салдым,
Алысқа ұшып бардым.
Көліктерді салдым,
Көркіне таң қалдым.
Салып едім бүркіт,
Кетті торғай үркіп.
Салып едім пілді,
Болып шықты зілді.
Салып едім атты,
Атым тұра шапты.
Суретшімін шебер,
Сурет салу – өнер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі