Жапырақ
Бұл бетте «Жапырақ» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнытпастан салып едім ағашты,
«Олай емес!» – деп көп бала таласты.
Жапырақтар жайнап тұрса көктемде,
Жердің беті жап-жасыл боп кеткен бе?!
Жапырақты жасыл қылып салғандар
Жаз айында жаздан тәлім алғандар.
Жапырақты сары қылып салғандар
Күз айында орманда көп болғандар.
Қыс айында шырша жасыл болғаны
Балалардың көңілдегі арманы.
Әр мезгілде қандай болса атырап,
Соған қарап түрленеді жапырақ.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі