Гуашь

Бұл бетте «Гуашь» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеңге сермеп құлашты,
Алдым қолға гуашьты.
Қағаздағы сұлбалар
Бірте-бірте сыр ашты.
Суреттер де не түрлі,
Өз орнына бекінді.
Ал суретші мұндайда
Шын сиқыршы секілді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері