Сәлем

Бұл бетте «Сәлем» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алыс-беріс, барыс-келіс көп дейді,
Жиғаныңды ағыл-тегіл төк, мейлі.
Өмір бойы таусылмайды сый-құрмет,
Тек сәлемге ештеңе де жетпейді.
Ұмытылмас талай қызық көргенің,
Өткен жылдар қалдырады өрнегін.
Сәлем алсаң – ол да сенің алғаның,
Сәлем берсең – ол да сенің бергенің.
«Сәлем – сөздің анасы» – деу себебі,
Сәлем деген ғазиз жанның қорегі.
Сол сәлемдер жадыратып жаныңды,
Сол сәлемдер қартқа қуат береді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері