Алматы әсері

Бұл бетте «Алматы әсері» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ірге жайып жан-жаққа,
Қаулай өсті Алматы.
Ұзамай-ақ аулаққа,
Абайлаңыз тау жақты:
Орнатқандай шың-құзға,
Төскей толы терезе.
Жалғасқандай жұлдызға
Жая берсе кереге.
Сəулетінде жоқ ақау,
Сап түзеді жаңа үйлер;
Көкірегінен Алатау
Төгілгендей əн-күйлер.
Қала жайын түсінем,
Қаулай өскен кездегі;
Қуанғанын ішінен
Танытып тұр кездері!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері