Дəрмен
Бұл бетте «Дəрмен» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасымнан дəмін көп таттым
Қыруар қиын дəрінің.
Қынжыла жұтқан жас, қарттың
Есінде шығар бəрінің.
Көнесің бірақ дəміне,
Көмейіңді өртеп кетсе де ол.
Тынысың тек сол, əрине,
Бермесе болды дертке жол!
Қысылып кейде зертеңнен,
Сүлдерім қалды аз өлмей.
Химия келіп ертеңмен
Болысты сонда əжемдей.
Сүзілген не бір сырқаттан
Күшімен соның оңалдым.
Білемін, мені сол қаққан
Аузынан талай ажалдың.
Дауалы қолы емдеген
Дəрменім болды əр жолы.
Құбылтып шебер енді əжем
Киім ғып маған берді оны.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі