Қысқы өріс
Бұл бетте «Қысқы өріс» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Биіктер үкі қадаған
Қызықпас шүйгін құмға кім?
Жасымда жылы ораған
Секілді солар құндағым.
Төбеде дүзген томарлы,
Түбекке жыңғыл, сексеуіл.
Аралай жүрсең соларды,
Құнарлы қоныс өңшең бір.
Бұйраттар қызық қыдырсаң,
Төсінде шимай қоян-жым.
Тірелген изен, боз жусан
Бітімі қою, қоймалжың.
Малшыға күнде бір мерей,
Соныға шықса қой қаптап.
Күн ұзын жемде жүргендей,
Бойдағы қайтса ойнақтап.
Қойшымен сонда кеңесіп,
Оралдым бірге өрістен.
– Ерінбес жанға көп несіп,
Жер екен, – дедім – келіскен!
Жолы да жалғас өңірге,
Жабықсын жəне мұнда кім!
Отырып қойшы төрінде,
Əлемді мен де тыңдадым...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі