Тоғайы торғын Көкше құз

Бұл бетте «Тоғайы торғын Көкше құз» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тоғайы торғын Көкше құз
Төніп тұр биік төбемде.
Көкірегі ащы көк теңіз
Дөңбекшіп жатыр төменде.
Кемерді мəңгі кернеген
Түрі бар – қашан көрсең де.
Күрсінтіп маза бермеген
Күйігін оның басар не?
Төгіле таудың төсінен
Құяды күміс бұлақтар.
Сонда да бір тыныс естігем,
Сабыр қып, сен де құлақ сал:
Жарыса жеткен мөлдірге
Жамырай толқын талпынып,
Құмартып соның деміне,
Құшады сонша алқынып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері