Сабан тау аңызы
Бұл бетте «Сабан тау аңызы» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Шаншылып биік қабақта,
Шағылған күнге ақ діңгек.
Тоғысады осы алапта,
Алыстан күнде əркім кеп.
Жеңістің ол бір шегесі
Жеріне мықтап ел қаққан;
Мызғымас ерлік белгісі
Қырымға мəңгі орнатқан.
Тұғыры берік Сабын тау,
Сақтаған сырын ол есте.
Осында қирап қалың жау,
Қарасы өшкен келмеске!..
Түрік те бұрын сасыпты,
Аттары өрде сабын боп;
Жөңкіле кейін қашыпты,
Жасағын отап жалын, оқ.
Ауызда сол сөз əлі бар,
Аужайы жауға тым қатал.
Белгіден сонау танылар
Қайыспас, қайсар сол қаһар!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі