Жеңіс бағы
Бұл бетте «Жеңіс бағы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарайған ағаш, бұтаны
Қарауылға іле жау бағып,
Бекініс тұрған жотаны
Тастапты түгел аударып.
Жалаңаш, жалтаң төбеде
Қалыпты жалғыз жас өрік.
Заманғы бақтан сол жерде
Секілді қалған естелік...
Ақыры жеңіс жарылқап,
Жайнапты қала-қаһарман.
Жамырап қайта жапырақ,
Өсіпті жонда жас орман.
Алыстан кімдер келсе оған,
Көреді соны өрімдей.
Өрік те сонау қоршалған
Қалмайды саған көрінбей.
Кезіксе солай қанша адам,
Өтпейді бірі көзге ілмей:
Тоқтайды келіп дəл соған,
Апаттан қалған белгідей!..
Қадірлеп сен де сыйлайсың
Балауса бағын жеңістің.
Үзуге жəне қимайсың
Мөлдіреп тұрған жемісін!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі