Каферниган бойында
Бұл бетте «Каферниган бойында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Каферниган көк мөлдір
(Каферниган - Ғисар алқабындағы өзен)
Көлбей аққан алқапта.
Көкірегінен төккен нұр,
Жұлдыз қадап жан-жаққа.
Жетегінде Тəжіктің
Безеді екен ол қатты.
Сусыны боп жазықтың,
Кезеді екен бау-бақты.
Күн қақтаған шөлдерге
Бауырын төсей аунапты;
Қайда келсе,
сол жерге
Балаусалар қаулапты.
Албыраған анардың
Мөлдірейді ол жүзінде.
Аңғарады оны əркім,
Көз жіберсе жүзімге.
Ақ торқадан көз талар,
Жағаларын шалса оның.
Төбе-төбе мақталар
Толқынындай дəл соның!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі