Ана қарызы
Бұл бетте «Ана қарызы» атты Ғали Орманов жазған ана туралы өлең берілген.
Мəпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Күнде көктеп, қуанам
Құшағыңда, қысылмай.
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде
Ертеңгіңіз тұр күліп.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Коммунизм мен елде
Орнатысар болармын.
Ай мен жұлдыз дегенге
Қыдыра ұшып қонармын.
Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі