Жарасқа хат

Бұл бетте «Жарасқа хат» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алыстағы Жарасы
Ойлай ма екен атасын?
Атаның жоқ шарасы
Жырламасқа ботасын.
Жүр ме екен ол əуре етіп
Мамасы мен папасын,
Жөргегіне көлдетіп,
Тоса, тоса жотасын?
Апшып əлде көйлегі,
Қалды ма екен ержетіп?
Ата-анасы əлде оны
Отыр ма екен тербетіп?
Алматыға барам деп,
Айта ма екен таласып?
Барса, жолда боран боп,
Кетем дер ме адасып?
Аспан жүзі əсем жол,
Жасқанбасын Жарас түк.
Жастар үшін əсерлі ол,
Жəне байтақ жəне ашық.
Атасы мен əжесі
Келеді деп Жарасын,
Мезгілі деп дəл осы
Көкжиекке қарасын!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері