Туысқан туралы

Бұл бетте «Туысқан туралы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туысқан деп, бауыр деп,
Арқа тұттым талайды.
Жатсаң жүгің ауыр кеп,
Жалтаңдап сырт қарайды.
Беті жылы, іші ызғар,
Танытпас ол оңайға,
Сақтағанша мұз бен қар,
Аулақ жүрсе болмай ма?!
Баяны жоқ, тым тайғақ,
Байқасаң кей туысқан:
Жақсы күнде жантайлап,
Жаман күнде суысқан...
Жайың қалай дегені –
Жəй əшейін, ат өтті.
Жақсы көрсе ол сені,
Жасытпай-ақ қойса етті!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері