Ел мен ақын
Бұл бетте «Ел мен ақын» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мен өзім ойламаймын қартайдым деп,
Тұрсам да кейде шаршап, жантайғым кеп.
Болмаймын еркелеткен елден егде,
Құлпырам ол қаласа қайта, гүлдеп.
Еркі оның десе маған етем жарлық,
Ол мені жаратқан жоқ бекер жан ғып.
Еңбегім емірентсе соның көңілін,
Еркелеп құшағында кетем қалғып.
Жазы көп жаным майса жасыл белдей
Тартылып қалман ерте тапшы көлдей.
Жігітше жыр қызуын сезсем болды,
Маужырап əлдекімше қаңсып өлмей!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі