Торы айғыр аңызы
Бұл бетте «Торы айғыр аңызы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдында жым-жырт жусаған
Əйгілі биік Торы айғыр.
Ерінбей кімдер шықса оған,
Көрінер алыс талай қыр.
Жонынан шұбап асыпты
Қыруар заман, талай жыл.
Солардан терген нəсіпті
Қимасын бізге қалай бұл?
Тым-тырыс тұрған түріне
Түңілмей, достым, қарай жүр.
Таусылмас шертсең бүгінге
Табылар, бəлкім, талай жыр.
Шиыры, бəлкім, жоқ шығар
Торыға мінген шопанның.
Сақтаған бірақ сол шыңдар
Танырсың ізін Шоқанның!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі