Желі саз
Бұл бетте «Желі саз» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк ала таудың төрінде
Төгіле жатыр Желі саз;
Қыдыра жүріп елінде
Қызығын көрдім мен біраз.
Жазығы жайған кілемдей
Тоқуы түрлі термелі.
Құбылған моншақ гүл өңкей
Секілді соның өрнегі.
Малшылар көрдім мойымас,
Мыңғыртып малын өсірген.
Қыруар түлік қым-қиғаш
Өреді жайлау төсінен.
Қайыса таудың қапталы
Соныға жүзген қойлары.
Торылы жылқы топтары
Тобылғы түстес ойдағы.
Аралап малшы өрісін,
Əңгіме тердім күн ұзын.
Асымды бірге бөле іштім,
Сүйсіне жұттым қымызын.
Желі саз шүйгін жер екен
Бағына біткен бабаның.
Береке, ырзық толы екен
Қорындай үлкен сабаның!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі