Əдейі келдім Арасан,
Армансыз қарап, жаз мені.
Суыңа шипа орасаң,
Жазылған жандар аз ба еді?
Жарқылдап мен де қайтайын
Кеудеме қонып жаз демі.
Жаңа бір жырлар айтайын,
Жарылқап соның жəрдемі.
Түземей қоймас тез, ойым,
Жүректің1 сірə қуаты.
Жанымды жарқын сезейін
Жасарып қайтқан сияқты.
Бусанып дəрі бұлаққа
Шомылып жатыр мендейлер.
Суыңмен бірге шуаққа
Жүздіріп дəйім емдей гөр!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі