Туған жер тынысы
Бұл бетте «Туған жер тынысы» атты Ғали Орманов жазған туған жер туралы өлең берілген.
Жолын тосып Ебінің
Жатыр жайқын Алакөл.
Ерлігіндей елімнің
Елестейді маған ол.
Ебі желі ежелден
Екіленіп саулайды.
Көл төсінде безерген
Толқындар тек аунайды.
Ышқынғанмен долы жел,
Қалай оны жаулайды?
Қасарысқан Алакөл
Қалпынан бір аумайды!..
Жаңа келген шағымда
Жатыр өзге сыр бермей:
Жымың қағып алдымда,
Жылы ұшырап күлгендей.
Сен де соған толғанып,
Дегендейсің жазармын.
Табағына толтырып
Тартады ол да сазанын.
Баламайды ол бөтенге,
Келді екен деп алыстан.
Қимағандай кетерде,
Сығалайды қамыстан.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі