Өмір ынтығы
Бұл бетте «Өмір ынтығы» атты Ғали Орманов жазған өмір туралы өлең берілген.
Қой, ажал, кідіңдемей, аялдай тұр,
Қыруар, қызығы көп шаруам жатыр.
Əлі де атқармаған міндетім мол,
Тындыртпай асыққаның обал ғой құр!
Тоймайын дүниеге көзім барда,
Төгілген көкіректе сөзім барда.
Денемде əзір қияр ештеңе жоқ,
Түсіріп титтей нұқсан түгімді алма!
Тұрғанда ой орнында, сезім барда,
Керексіз дүниеге кезім бар ма?
Берген соң берерімді тіршілікке,
Жүре бер, мейлің тіпті, өзімді ал да!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі