Баларақ кезде көп ойлап
Бұл бетте «Баларақ кезде көп ойлап» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баларақ кезде көп ойлап,
Байыдым күнде қиялмен.
Көзімді тартып көк аймақ,
Көрінді байтақ ұям кең.
Алыста таулар шалқиған,
Алдыма тосты арқасын.
Араша кездім бал жиған
Алатау, Алтай ортасын.
Қуатын құйдым өлеңге
Құнарлы Ертіс, Үлбенің.
Толқынын тарттым мен елге
Тоғайлы Сыр мен Іленің.
Далаға біткен мəуенің
Жұпарын жидым жырыма.
Үйреттім құстар əуенін
Сайраған сай мен қырымда.
Ораған жерді өрнегі
Тынысын қостым еңбектің.
Өлмейтін өмір бергелі,
Жылысын қостым жүректің.
Төсіңе түскен, туған жер,
Жырымның тек сол жолдары.
Өзіңде туған өлеңдер
Өзіңе тартса болғаны!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі