Көңілдің күйі келгенде
Бұл бетте «Көңілдің күйі келгенде» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдің күйі келгенде,
Толғайсың тосын сыр қозғап.
Жарқырап жым-жырт бөлмеңде
Жанады дəйім жыр маздап.
Ойыңа кірпік ілгізбей,
Ұйқыны серпіп тастайсың.
Үйіңе түнді кіргізбей,
Қаламмен қатты жасқайсың.
Қараса мейлі қарайлап
Қараңғы сыртта тұнжырап.
Көмескі тартпай бар аймақ,
Көрініп саған тұр бірақ.
Қағазға ойың төгілмей,
Өзің де дамыл алмайсың.
Жарығын жырдың сөндірмей,
Түніңді күнге жалғайсың.
Барыңша қорып өлеңді,
Бағасың солай қызғанып...
Қуантса болды сол елді,
Көңлінде өшпес із қалып!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі