Буда-буда кітапты

Бұл бетте «Буда-буда кітапты» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Буда-буда кітапты
Боқшасына толтырған –
Бала маған қымбатты
Барын сала оқыған.
Қызғалдақтай көрінген
Қызығамын сендерге.
Сырласқандай өмірмен
Жыр еседі кеудемде.
Жаным күлген нұр жайнап
Балғын шағым болса, мен
Топтарында бірге ойнап,
Оқыр едім Шоршамен.
Бірақ ұғып жатқан жоқ
Тəңірберген, Ырыспай...
(Шорша, Тəңірберген, Ырыспай – құрбы-құрдастарым)
Талқан үшін тарпаңдап
Тарасайық ұрыспай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері