Көгілдір орман оранған
Бұл бетте «Көгілдір орман оранған» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көгілдір орман оранған
Қанықсың көзге шың мен құз.
Саялар тауып араңнан,
Сүйгемін сенде сұлу қыз.
Мойылдай шашым қап-қара
Секілді ем түлек жас бүркіт.
Тартыппын қазір, жоқ шара,
Балапан түстес ақ үрпік.
Жалындап тұрған жас түгіл,
Жуымас жандар тоқтасқан.
Қалпыма қаяу түсті бір
Пышақша жүзін тот басқан.
Биікте буын дірілдеп
Бара алман енді қияңа.
Қанатты құстай бұрын кеп
Қонушы ем қиын ұяңа.
Қараймын соған ойланып,
Қашан бір көрген түсімдей;
Танымас жерде оянып,
Таңырқап тұрған кісідей...
Он бесті қиял өткенмен
Оралмас қайтып ол енді.
Тыныстап тұрса тек кеудем,
Жазайын тынбай өлеңді!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі