Талғауым, маған көмек бер

Бұл бетте «Талғауым, маған көмек бер» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Талғауым, маған көмек бер,
Толғанып өлең жазарда.
Қолымда дайын шелектер,
Барайын мен де базарға.
Бағыдан базар белгілі,
Бағалы нəрсе көп шығар.
Кезіксе жеміс не гүлі,
Біреуі керек боп шығар...
Адамның бағы əйтеуір
Сыналады осы базарда.
Алдыма бəрін тарта гөр,
Алайын таңдап жазарда.
Ұялмай үйге келуге,
Табайын тəуір жемісін.
Жарасын жақсы деуіне,
Шикіңді халық не қылсын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері