Өлеңім үйлессін деп əнге менің

Бұл бетте «Өлеңім үйлессін деп əнге менің» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңім үйлессін деп əнге менің
Сөзімді құбылдырып əрлемедім.
Жұрт ойын тербетсін деп жаздым оны,
Сол ма екен ағаттығым əлде менің?
Оны сен жазбаған соң əнге əдейі,
Дей ме екен əлденесі дəл кемейді.
Жүректі жылындырар нұры болса,
Өлеңнің əнге сірə бар ма өгейі?
Жасымас, білем, бірақ жырым менің,
Жалықпай шертсе болды сырын елдің.
Болмайды өлең əсте əннен кенде,
Халқыңның сақтай білсе жылы көңілін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері