Мейлі олар ете берсін мені мазақ
Бұл бетте «Мейлі олар ете берсін мені мазақ» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мейлі олар ете берсін мені мазақ,
Біріне бүлк етпейтін мен бір қазақ.
Жүрекке жүк қып соны жыя берсең,
Жуырда арылмайтын ол бір азап.
Ондайдан жаным алыс, көңілім азат,
Шу, сылтың мұқата алмас мені қажап.
Толқынды қанша соқса қақ айырған
Жартастан жағадағы көрдім ғажап.
Бөлшегі болсам мен де табиғаттың,
Қалайша қажағанға тапжылмақпын?
Сұқ сөзді суша жарып тұра алмасам,
Сыртымнан сірə мені танымақ кім!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі