Қартайдым деген əңгіме

Бұл бетте «Қартайдым деген əңгіме» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қартайдым деген əңгіме
Көрінер, бəлкім, құр желеу.
Жайымды бірақ əркімге
Танытар мынау ақ селеу.
Шашыма бола сірə мен
Сұраман жастық ешкімнен.
Жазылып жатса жыр, өлең,
Көктермін қайта ішімнен.
Жүзіме жылдар із салса,
Демеймін бойға оны мін.
Самғаса болды құстарша
Өлеңші ұшқыр көңілім.
Жасымды жатса жыл ұрлап,
Тұрмаспын жəне қартаймай.
Жатпасам болды жалғыз-ақ
Жантайып төрде атамдай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері