Ленин жазы
Бұл бетте «Ленин жазы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Апрель айы – жаз алды
Жасарар көктеп табиғат.
Жырындай жердің заманғы
Жаныңа жылы тым қымбат.
Күлімдей төгіп күн нұрын,
Құшады торғын жел есіп;
Құнартып түгел ой-қырым,
Қаулайды түзде төл өсіп.
Балқытып көктем жылысы,
Балауса тартса бар өлке;
Қуатты еңбек тынысы
Құяды жерге береке.
Жайымыз жазғы осылай,
Жанымыз жүзген үмітке;
Жалыны бір сəт басылмай,
Жалғасып жатыр тірлікке.
Таусылмас өлең бұл саған,
Қуаныш толы əр күнге.
Жабыла соны жырлаған
Жаңғырад аймақ жаңа үнге..
Замана жазын əкелген
Лениннің туған айы бұл.
Жалауша гүлін көтерген
Көзіме ыстық дəйім бұл!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі