Ой ортасында
Бұл бетте «Ой ортасында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анталап келеді ойлар жан-жағымнан:
«Мені жаз, мені жазшы!» – деп жалынған.
Арқаға бірін қағып еркелетсем,
Сүйемін бірін сыйпап маңдайынан.
Бəріне қағаз беріп алдандырам,
Таратқым келмей тіпті маңайымнан.
Өйткені, ойлар өте қымбат маған,
Ішімде олар барда сыр жатпаған.
Көңіліме қуат тұтар несі бар деп,
Көрмеген қырқаларын күнде ақтарам.
Тапқандай тіршіліктен тынысымды,
Жақсы ойға жаным байып, жырғап қалам.
Сондықтан олар маған өте қымбат,
Отырсам ортасында, көңілім шат.
Өмірді өзегімде тербетуге
Солардың бірі көмек, бірі мият.
Ол жоқта, қарақұстай дөң басында,
Қалбиып жүргенімді көрем ұят!..
Ой болса, өлең тусын өмірі ұзақ,
Ол үшін өкінбейсің көрсең де азап.
Жаныңды жазған сайын жарылқасын,
Жалғанда тілейтінім сол жалғыз-ақ,
Əйтпесе, жасығыңды жақтырмайды
Əзілқой, жатып атар, сөзшең қазақ!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі