Ағаш басын сіліксе күздің желі
Бұл бетте «Ағаш басын сіліксе күздің желі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағаш басын сіліксе күздің желі,
Жапырақтар саудырап үзіледі.
Сол ағашқа мені де ұқсатып тұр
Ақ шашым мен əжімдер жүзімдегі.
Қашан көрсең, секілді мен бозқырау,
Аша алмаймын жасқанып желге омырау...
Өлең жазсам, жалғыз-ақ жылынамын,
Суық тимес дуасы бар ма апыр-ау?
Жібермейді, білем, ол күзді серпіп,
Жазсам бірақ тастайды мені желпіп.
Жанымды əсте жауратпай бағам солай,
Жазыма ұқсас заманның күйін шертіп!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі