Ермек емес мен үшін өлең деген

Бұл бетте «Ермек емес мен үшін өлең деген» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Ермек емес мен үшін өлең деген,
Жаны бірге жаралған денемменен.
Жұрт көңліне жылуын жеткізе алсам,
Өзімді де тек сонда терең көрем.
Ол болмаса, жыр жазу неге керек!
Отсыз өлең ойы жоқ өле бермек.
Өйтіп оны өнбеске қор қылғанша,
Өзгеңмен-ақ көрсет сен елге көмек!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері