Түрткілеп, тербеп жанымды

Бұл бетте «Түрткілеп, тербеп жанымды» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түрткілеп, тербеп жанымды
Таптырма ойым түк маза.
Бұлақша қайнап кəдімгі
Төгілсін жырым тап-таза.
Көңлімді билеп ағыны,
Көрейін ылғи жағалап.
Судырап жібек шалғыны
Жайқалып тұрсын мені орап.
Күлімдеп сəуле ойнаған,
Қарайын бұлақ көзіне.
Сазымдай əсте тоймаған
Шалынсын үні өзіме.
Сіміріп күнде мөлдірін,
Қанайын дəйім мен одан.
Қалдырмас, бəлкім, көңілін
Қайрыла кетсе кім оған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері