Сен келгенге молайып
Бұл бетте «Сен келгенге молайып» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен келгенге молайып
Дүние тасып төгілмес.
Сен жоқ болсаң, азайып
Жəне түгі кемімес.
Дүние деген бір теңіз
Сабасында шалқыған.
Қанша көпір жүрсеңіз,
Айнымайды қалпынан.
Одан сен де орныңды
Өзіңе шақ аларсың.
Жаның ынтық соғұрлы
Жарыңды да табарсың...
Тек өлмейтін сөзіңді
Қоссаң, маздап жанарсың.
Көрмесе де өзіңді
Көп есінде қаларсың.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі