Апрель нұры
Бұл бетте «Апрель нұры» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Апрель тағы бөледі
Өңірді гүл мен майсаға.
Ағаштар бүрлеп көгерді,
Жасарып жапан, сай-сала.
Жаныңа жылы апрель
Өмірге сонша күш берген.
Өлкеңді безеп жатыр ол,
Өрнектеп алуан түстермен.
Жоғыңды қайта жаратып,
Жарылқап жатыр ол сені.
Қуатын жерге таратып,
Құяды кейде нөсері...
Адамның жазын əкелген
Лениннің туған айы бұл.
Құшақтап гүлдер көтерген
Қуанышқа ұқсас дəйім бұл.
Береке, дəулет басындай
Сүйеді халық осы айды.
Сүйгізіп өзін осылай
Ильич те мəңгі жасайды!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі