Балалар мерейі
Бұл бетте «Балалар мерейі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымда Жарас, Жəмилə
Жайластым зəулім үйге мен.
Жандарын əсем жаңа ұя
Секілді қатты билеген.
Биікте бірге шарқ ұрып
Соғады қатар алақан.
Ұяда тұрған талпынып
Секілді бейне балапан.
Алдында таулар жап-жақын
Қолдарын созса жетердей.
Ұмытар емен сол қалпын,
Ұмтылса шырқап кетердей.
Көздерін тіксе əр тұсқа,
Қараймын бағып соларға.
Қағатын, бəлкім, алысқа
Қанатым солар болар ма?
Қызықса мейлі тауларға,
Ойларын неге тосайын!
Қиырға бірге самғауға
Жырымды мен де қосайын.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі