Еңбек бақытыҒали Орманов
Бұл бетте «Еңбек бақытыҒали Орманов» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаласаң мейлі қандай үй
Қиюлап тас пен шыныдан.
Қашан да маған сол ылғи
Секілді өлең, сұлу əн.
Көзімді содан ала алмай,
Қараймын күнде сүйсініп;
Қызығып тұрған адамдай
Қисынын жаңа түсініп.
Өркешін биік көтеріп
Өресің үйлер неше алуан.
Өсірген сайын көмкеріп
Секілді қала жасарған.
Өнердің оты тұрғандай
Ойыңда маздап əмісе.
Қоймайды жайнап нұрланбай
Қолыңа мейлі не берсе.
Салсаң да зəулім үй қандай
Шағың жоқ кейіп, шаршаған...
Өмірі жанға бұлданбай,
Бақыт қой солай жасаған!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі