Жан көркі

Бұл бетте «Жан көркі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үйіңе қашан келсем, қашан көрсем,
Жайдары жақсы мінез ашам өңшең.
Көңліңе көлеңкесіз жаным байып,
Сеземін дүниені соншама əсем.
Ешкімді жамандамай, ғайбат айтпай,
Сөйлесең адастырар айла таппай;
Алдымда асқар белдей көрем сені,
Ойымды еш нəрсеге тайғанатпай.
Көңілімді бақсаң солай кірарзытпай,
Таусылмас сезем соны жол азықтай.
Өмірдің қызығына жүзем ылғи,
Жанымды жабырқап бір құлазытпай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері