Кезесің кейде қалаңды

Бұл бетте «Кезесің кейде қалаңды» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кезесің кейде қалаңды
Келбетін көзбен көргелі.
Əсем бір үйлер жанары
Кетеді қозғап кеудеңді.
Өңірге не бір бос тұрған
Əріпті үйлер өнерлі ел.
Айнымайды екен осыдан
Көңілде жүрген өлеңдер.
Жаза алсаң егер соныңды
Қағазға шебер түсіріп,
Мерейің екен соғұрлы,
Оқыса жұртың сүйсініп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері