Шуақ шумақтары
Бұл бетте «Шуақ шумақтары» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарық қыла салады жаз келгенде,
Жан керегін табиғат аз берген бе?
Шуағына сүйсінген рахатыңды
Айта алмайсың жеткізіп жазғанмен де.
Несібе көп адам тек тарынбаса,
Күн көзінен алатын жалын қанша!
Дүниенің қызығын сезгендейсің
Құшағында жаның аз дамылдаса.
Сонда мені сен əсте күндемесең,
Мен де саған жақ ашып үндемес ем.
Жаз рахатын жалықпай шертер едім,
Жанымды ылғи жарылқап жырмен əсем.
Жаз құшағы қашаннан толы соған,
Қандай бақыт соны ортақ таныса адам!
Жылы күнде суықтық сақтау іште
Сүйегімнен кетпейтін намыс маған!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі